Жаңалықтар

Жолда қалғандарға азық-түлік таратты

Әйтеке би ауданының еріктілері ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған көлік жүргізушілеріне қол ұшын созды.

Аталған аудандағы жолаушыларды тасымалдау қызметін атқарып жүрген Мұрат және Төлеген, Аманқос есімді азаматтар бастаған волонтерлар игі іс жасап, өзара қаржылай көмек жинады. Нәтижесінде көптің атсалысуымен 300 мың теңгеге жуық қаражат жиналып, оған 380 дана нан, 500 литр су, 10 қорап сүт, 30 құты айран мен йогурт, 5 қорап тоқаш, 30 литр шырын сатып алынды. Қосымша 120 дана нанды Анжела және Алмагүл есімді тұрғындар алып берді. Осы азық-түлік Т.Жүргенов ауылында жолда қалғандарға және Қарабұтақ ауылына жеткізілді.
Сонымен қатар жолаушыларға кешкі ас ұйымдастырылып, «Империал» дәмханасында ас берілді.
Әйтеке би ауданының еріктілер тобы мұндай қайырымдылықтың жалғасатынын айтады.

А.СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button