Жаңалықтар

Жолаушыларды ыстық тамақпен қамтыды

Екі күннен бері ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс аумағында көптеген жолаушы жолда тұрып қалып, біраз қиындық көрді.

Олардың қатарында транзиттік көлік жүргізушілері де бар.
Кеше бірнеше күннен бері жолға шыға алмай отырған шетелдің азаматтарына Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған топ ыстық тамақ апарып берді. Шетел азаматтары Бекқұл баба ауылының мектеп базасына орналастырылған. Олар қамқорлық көрсеткен депутаттарға алғыстарын айтты.
Аталған топ құрамында мәслихат депутаттары Нұрлан Махамбетов, Фархат Сансызбай, Айгүл Дүйсенова, Әсем Ілиясова, Кәмшат Төлеуова, Күлшат Масалимова және Раушан Жәлімбетовалар бар.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button