Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Әлібек Мұқтарұлы Байнешов тағайындалды.
Ол 1985 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Самара мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – қаржы, құқықтану. Құқық магистрі.
Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған. Жастар қоғамдық бірлестіктерінде, үкіметтік емес ұйымдарда, «Аманат» партиясында, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2020 жылдары «Synergy consulting group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарған.
2020-2023 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.