Жаңалықтар

Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнің басшысы тағайындалды

Қайрат Мирболатұлы Райымқұлов ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығымен Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Қ.Райымқұлов бұған дейін облыстық мәслихат депутаты болды.

Ол 1988 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақтөбе облысының қаржы басқармасының ішкі бақылау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Ақтөбе облысының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының түрлі лауазымдарында жасаған.

Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімін, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратын, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік, қаржы басқармаларын басқарды.

Облыстық мәслихат депутаты болып сайланға дейін, 2021-2023 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button