Жаңалықтар

Әке мен бала

Мектеп

№65 жалпы білім беретін орта мектепте 5-11 сынып оқушыларының әкелерімен кездесу өтті. 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ая­сында ұйым­дас­тырылған іс-шараға өскелең ұрпаққа үлгі болатын әкелер қатысты. Әке мен бала арасындағы қарым-қаты­насты жақсартуға, бала тәр­бие­­леудегі оның рөлін арттыруға, отбасылық құнды­лық­тарды сақтау және нығайтуға бағытталған іс-шараға жиналғандар көп болды.

Іс-шараны мектеп директоры М.Жантурина ашып, әкелердің қоғам­дық жұ­мыстарға араласуын сұрап, әкенің игі істерін насихаттау қажеттігін атап өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар — сынып жетекшілері Қ.Отарбаева мен Ш.Байсұлтанова   әкелерді   үш топқа бөліп, топтық жұмыс жүргізді. Әкелер өнегелері мен тәжірибелері негізінде барлық жұмысқа белсене қатысты. Олар тақырыпқа қатысты өз пікірін айтты.

Іс-шара соңында белсенді әкелер Алғыс хатпен марапатталды.

Қымбат ОТАРБАЕВА,

мектеп мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button