Спорт

Алғашқы ойындар

Футбол

Анталияда (Түркия) оқу-жатығу жиынын өткізіп жатқан «Ақтөбе» командасы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

Бразилияның «Гремио Эспортиво Мауэнсе» командасымен өткен кездесу тең аяқталды: 1:1. Біздің командада гол соққан — Ыдырыс Умаев.

Ал жерлестеріміз алаңға мынадай старттық құрамда шықты: Игорь Шацкий, Максим Ширяев, Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров, Дмитрий Шомко (капитан), Рамазан Оразов, Лео, Максим  Самородов, Арман Кеңесов, Бауыржан Байтана, Абылайхан Жұмабек.

Бразилиялық команда осы елдің төртінші дәрежелі дивизонында ойнайтындықтан тең ойынға онша қанағаттана алмайтынымыз мәлім. Дегенмен жиынның мақсаты тек жеңу емес, жаңа маусымның алдында футболшылардың хал-ахуалын анықтау, алға қойған мақсатқа жетудің жолдарын пысықтау.

«Ақтөбенің» бас бапкері — Дмитрий Парфенов.

Енді жоспар бойынша жерлестеріміз 27 қаңтарда Өзбекстанның «Олимпик» командасымен сайысуы керек.

*   *   *

Ал биылғы ішкі чемпионаттың ойындары 4-5 наурызда бастады.

Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына дейін командалар үш тур кездесулерін өткізеді. Екі кездесуді «Ақтөбе» сырт алаңда «Жетісумен» (4-5 наурыз) және «Астанамен» (14-15 наурыз) өткізсе, өз алаңымызда «Оқжетпесті» (9-10 наурыз) қабылдайды.

Чемпионат 29 қазанда аяқталады.

Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button