Жаңалықтар

Қаржы пирамидасының ақыры…

Қылмыс

Ақтөбеде «Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы сотталды.

Қаржы пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп-тексерген болатын.

Аталған агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Г.Жұмағазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шетелдерде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған «Qnet» халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесініңтәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды.Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданған. Оларға келтірілген шығын — 37,5 миллион теңгеге жуық сома.

Г.Жұмағазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды.Кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.Барлық салымшылардың салымдарынан табылған 286 миллион теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз.Егер сіз экономикалық құқықбұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!»телеграм боты жұмыс істейді, — делінген баспасөз парақшасында.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button