Жаңалықтар
Әкелер сайысы өтті

Балабақша
Мәртөк ауданындағы «Нұрсәт» балабақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әкеге қарап ұл өсер» атты байқау ұйымдастырылды.
Отбасы құндылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа төрт топтан жасақталған әкелер қатысты. Байқау кезеңдерінде әкелер өз өнерін көрсетті. Қатысушылар өздерін таныстырып, шешендік өнерден сынға түсті.
— Отбасында әкенің беделі күшті болуы керек. Балаға көңіл бөлмей, тәрбиені тек анасына жүктеп қоятындар бар. Әке беделін арттыру мақсатында осындай іс-шаралар жиі өткізілгені жөн, — дейді балабақша меңгерушісі Самал Қалышева.
Сайыс соңында балабақша меңгерушісі Самал Қалышева қатысушыларды Алғыс хатпен марапаттады.
Әлиянұр МАРҒҰЛАНҚЫЗЫ,
Мәртөк ауданы.



