Жаңалықтар

«Музей жаршысы» жарыққа шықты

Журнал

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымының бастамасымен «Музей жаршысы» журналының алғашқы саны жарыққа шықты.

Бұндай ғылыми басылымның жарық көруі, әрине, тоқсан төрт жылдық тағылымды тарихы бар мәдени-рухани орданың дамуындағы елеулі оқиғалардың бірі деп білеміз.

Журналдың алғашқы санында музей ісі, музей коллекциялары, өлкетану, археология мәселелері, тұлғалар, ескерткіштер, туризм және музейдің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы туралы мақалалар жарияланды.

Басылымның бас редакторы — музей директоры МейрамДүйсенғали.

Редакциялықкеңесі — тарихшы-ғалымдарРақым Бекназаров, АрманБисембаев, АқанОңғарұлы, ТалғатМамиров, ГүлбануІзбасарова, Аслан Мамедов.

Редакциялықалқасы — тарихмагистрлеріАрманЕржанов, Фархад Мұстафин, ӘлияШалманова.Жауапты хатшысы — археология және этнология магистрі Әсел Оразова.

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің

жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button