Жаңалықтар

Дайындық пысықталды

Оқу-жаттығу

Ақтөбе жылу электр орталығында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен «Қыс-2023» командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Бұл — қаланың қысқа дайындығын қадағалайтын дәстүрлі шара. Оқу-жаттығу жиынында тосыннан болатын табиғи апаттар кезінде төтенше жағдайлар департаменті мамандарының тактикалық дайындығы пысықталды.

Оқу-жаттығу қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында ұйымдастырылды.

Алдағы қыс мезгіліне дайындықты пысықтауға арналған арнайы оқу-жаттығу жиынына өрт сөндіру бөлімшелерінің күші мен құралдары, қаланың ерікті өртке қарсы құралымдары, медицина мамандары жұмылдырылды. Оған 16 техника мен 49 адам қатысып, тұрғын үй секторындағы электр сымдарының үзілуі, жылыту қазандықтарының апаттарын алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізді, — дейді Алматы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Аслан Арзымбетов.

Мамандардың айтуынша, іс-шара барысында төтенше жағдайларды жою бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар ұйымдастырылып, авариялық-құтқару қызметі мен азаматтық қорғау құрамаларының қатысуымен тәжірибелік әрекеттер өткізілді. Сол сияқты оқу-жаттығу аясында электр дабылдар қосу арқылы  құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс те жүргізілді.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button