«Ақтөбе» — өңір руханиятының айнасы
Сағадат ОРДАШЕВА,
облыстық мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы
«Ақтөбе» газеті өңір руханиятының айнасына айналып отыр десем қателеспеймін. Өңіріміздегі ауқымды жаңа жобалар мен бастамаларды да үздіксіз жариялап келеді. Қоғам тіршілігі мен қарапайым еңбек адамдарының өмірімен етене таныс тілшілердің де жанкештілігі — бір бөлек дүние. Мәдениет саласындағы кез келген жаңалық пен үрдістерге шолу ғана жасамай, саралап, сараптап, оқырманның сұраныстарына жауап беріп жүр.
Мәдениет — руханият көзі, адам жанының шырағы. Алдағы жылы «Ақтөбенің» бастауында тұрған басылым — «Кедей» газетінің жарыққа шыға бастағанына 100 жыл толады. Міне, облыстық басылым осы 100 жыл уақыттан бері өңірдің мәдени өмірін, мәдениет саласының жаңалықтарын үзбей жариялап келеді. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Құдайберген Жұбанов, Тілепберген Жиенғалиев сынды халқымыздың аяулы перзенттері «Кедейдің» бетінде осы тақырыпқа қалам тербегенін білеміз. Немесе бүгінде әлем танитын әнші Димаш Құдайбергеннің сахнаға жас әнші болып көтерілген сәттері, алғашқы табыстары туралы да осы газетке жазылды. «Ақтөбе» газеті әр санында мәдениет пен өнер адамдарын, осы саланың жаңалықтарын қалыс қалдырмай жариялайды. Бұл тұста тілшілердің жедел ақпарат таратуы мен қоғаммен байланысы жолға қойылғанын атап өту керек.
Мен ақтөбеліктерді бір ғасырдан бері өңіріміздің шежіресін ана тілімізде жазып келе жатқан бірден-бір басылым — «Ақтөбе» газетіне жазылуға шақырамын.