Жаңалықтар

Жаңа кітап — жаңа сыр

«Оқуға құштар мектеп»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде 2000 жылы бес жылға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасықолға алынған болатын.

«Оқуға құштар мектеп»жобасының мақсаты — ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау,сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу.

Аталған жоба оқушылардың отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға,қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын оятып, оны одан әрі арттыруға мүмкіндік туғызады.

Білімді ұрпақ — еліміздің болашағы. Жас буынға жағдай жасау — мемлекет міндеті. Осы ретте Ақтөбе қалалық білім бөлімінің қолдауымен қала мектептерінің кітап қоры әдеби кітаптармен толықтырылды. Жаңа кітаптар мектеп оқушыларына үлкен сый болды. Оқу залы және сoworking орталығында жаңа әдебиеттерді  оқырманға таныстыру мақсатында «Жаңа кітап — жаңа сыр» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап оқу — ойды жинақтауға, ми қызметін жан-жақты дамытуға әсер етеді. Әрқашан кітап оқудан жалықпайық! Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Рыскүл ҚУАНОВА,

№40 орта мектептің кітапхана меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button