Жаңалықтар

Тұрақты оқырманы әрі авторымын

Баспасөз — 2024

Гүлнар СЕЙТАЛИНА,

облыстық халық шығармашылығы орталығы

директорының міндетін атқарушы.

— «Ақтөбе» газеті –— өңіріміздің тыныс-тіршілігін,тарихын баяндап, көпшілікті хабардар етіп отырған басылым. Ғасырға жуық тарихы бар газетке тұрақты жазылатын оқырмандарының бірімін. Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы да халық құрметіне ие газетпен тығыз байланыста. 

Осы орайда биыл қазақтың тұңғыш балет бишісі, жерлесіміз Нұрсұлу Тапалованың туғанына 100 жыл толуына орайластырылған мәдени іс-шаралардың,  «Қобыланды деген ері бар» атты республикалық жыршылар байқауының, Табылды Досымов атындағы «Сәйгүлік» ІІ республикалық конкурстың, сондай-ақ шығармашылық орталықтың жанынан ашылған «Ер Едіге» жыр мектебінің жұмысын облыс жұртшылығына жан-жақты мақалаларымен құлағдар етіп отырған «Ақтөбе» газетінің редакциясына ерекше ризашылығымды білдіргім келеді.

Ақпараттық технологиялар­­ дамыған бүгінгі заманда газеттің бәсі бәрібір биік. Облыстық басылымның сайтын да тұрақты қарап отырамыз. Әлеуметтік желідегі парақшалары да назарымыздан тыс қалмайды.

Келер жылы ғасырлық тойын атап өткелі отырған өңірдің мемлекеттік тілдегі бас газетіне автор ретінде де жазып тұрамын. Айталық, жақында ғана жарық көрген «Жыр — ұлт қазынасы» атты көлемді мақалам — соның дәлелі.

Сүйікті газетімізге жылдағы дәстүр бойынша келер жылға да жазылып, әр санын ұжымымызбен асыға күтеміз. Өзге ақтөбеліктерді де осы газетке жазылып, сол арқылы соңғы жаңалықтардан тысқары қалмауға шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button