Жаңалықтар

Табиғи өнімдер және төмен баға

Жәрмеңке

Сенбі күні Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесі бойындағы коммуналды базарға адамдар әдеттегіден көп жиналды. Себебі бұл жерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Қалалық мәслихат депутаты Зада Қасенованың айтуынша, №15 округ тұрғындарының дені — қарттар.

— Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесісайлаушылардың сұранысына орай қалалық әкімдіктің қолдауыменұйымдастырылып отыр. Шаруа қожалықтары да ұсынысымызды қабыл алды. Қобдадан ет, Мәртөктен сары май, Алғадан картоп әкелінді, — деді депутат Зада Қасенова.

Жәрмеңкеде ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің әдеттегіден бағасының төмен болуы да тұрғындарды қуантты.

— Әдетте мен картоптың келісі 110 теңгеден алатын едім. Бүгін картоптың бағасы — 85 теңге. Міне, он келісі — қолымда. Сиыр етін де қолжетімді бағада сатып алдым,— дейді Тамара Ищеева.

Қобда ауданындағы «Қара ала ат» шаруа қожалығының өкілі Қияш Дәлелхан ет  алып келіпті. Қалалықтар келісі 2100 теңгеден сатылып жатқан сиыр етін тез-ақ тауысыпты.

Ал Мәртөк ауданы Жездібай ауылынан келген Эльвира Опина сөреге келілеме сары майды үйіп шығарыпты.

— Сүт өнімдерінің маусымы емес, сондықтан қаймақ, айран, ірімшік толтырып әкеле алмадық. Қолда бары — сары май. Мамырдың да майы бар, — дейді Эльвира Опина.
Жәрмеңке өтіп жатқанын білдіргендей көңілді әуендер алыстан естіліп тұрды. Ал қала тұрғындары, әсіресе, әжелер дорбаларын төмендеу бағада сатылған табиғи өнімдерге толтырып, үйлеріне көңілді бара жатты.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button