Жаңалықтар

Отандық фильм көрерменге жол тартты

Кино

Ақтөбеде отандық «Бүркіт» фильмінің көрсетілімі өтті. Оған №6655 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қатысты. Фильм 2022 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржыландыруымен түсірілген.

Кинопарк директоры Болат Әнуарбековтің айтуынша, отандық фильм 2 қарашадан бастап еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр.

«Бүркіт» фильмі — режиссер Данияр Ибрагимовтің дебюттік жұмысы. Бұған дейін ол «Қазбат» және «Алтыншы бекет» әскери фильмдерінде продюсер болған. Фильмге Дәурен Серғазин, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов, Гүлнәз Жоланова, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және Азамат Сатыбалды сынды еліміздің танымал актерлері түсті. Сонымен бірге танымал музыкант Ғалымжан Молданазар да антагонист кейіпкердің рөлін сомдап шықты, — дейді ол.

Фильмді тамашалағандар арасында6655 әскери бөлімінің әскери клуб бастығы Дамир Балгужинов та бар.

— Маған фильм ерекше әсер қалдырды. Фильмнің түсіріліміне арнайы жасақ, әскери техника және авиация, сондай-ақ екі жүзден астам белсенді әскери қызметші қатысқан екен. Фильмдегі жедел-іздестіру шаралары арқау болған картинаның кейбір эпизодтары шынайы оқиғаларға негізделген. Осы фильмді көрген әрбір азамат әскери борышын өтеуге асығады деп ойлаймын, — дейді ол.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button