Жаңалықтар

Облыстық тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Қонақбаев Амангелді Құрманғазыұлы тағайындалды.

Ол 1977 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары: 1997 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар ауданында қарапайым мектеп мұғалімімен бастап, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметіне дейін көтерілген.

2016-2018 жылдары Шалқар ауданының білім бөлімін басқарған.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Шалқар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарып келді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button