Жаңалықтар

Өтініштер мен ұсыныстар

Қабылдау

Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.  

«Анаға тағзым» орталығында өткен жеке қабылдауға облыстық және қалалық мәслихат төрағалары, барлық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Өңір басшысының жеке қабылдауына 54 ақтөбелік келді. Олар тұрғын үй, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, жер, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, жол салу, көшені сыртқы жарықтандыру, қоғамдық көлік, ауылшаруашылығына қатысты мәселелерді көтерді.

Асхат Шахаров барлық сұраққа толық жауап берді, өтініш білдірген тұрғындардың мәселелері заң аясында шешімін табатынын, ұсыныстар алдағы уақытта жұмыс барысында назарға алынатынын жеткізді.

Облыс әкімінің азаматтарды қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде жүргізіледі.

 

А.САЙЛАУҚЫЗЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button