Тоғыз айды қорытындылады
Брифинг
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов қызметтегі 9 айда атқарылған жұмысты қорытындылады.
Аудит қамтыған қаржылар
Брифинг барысында Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысыСәкен Қасымов биылғы 9 айда 161 аудиторлық іс-шара өткізілгенін, оның 156-сы — жергілікті бюджеттен, 5-еуі — республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтитынын айтты.
Департамент басшысының айтуынша, аудиторлық іс-шараларда барлығы 21 миллиард 956 миллион 900 мың теңгенің бюджет қаражаты мен мемлекет активі қамтылып, жалпы сомасы 21 миллиард 814 миллион 500 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның 24 миллиард теңгеден астамы — қаржылық бұзушылықтарға, 19 миллиард 347 миллион теңгесі рәсімдік бұзушылықтарға тиесілі.
Есепті кезеңде анықталған 2 миллиард 467миллион теңге қаржылық бұзушылықтардың 2 миллиард 466 миллион теңгесі өтелді. Сонымен қатар биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша камералдық бақылау 16274 лотты қамтып, 2848 лот бойынша 43 миллиард 655,7 миллион теңгенің бұзушылықтарын анықтаған.
Әр өтініш маңызды
Сәкен Қасымов өткен тоғыз айда департаментке «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 2462 өтініш түскенін айтты. Оның 1237-сі әкімшілік рәсім, 1016-сы жеңілдетілген тәртіппен қаралып, 59 арыз-шағым қайта бағытталған. Ал бүгінгі таңда 150 өтініш қаралып жатыр.
Баяндамашы мамандандырылған БЖСМ-де асылтұқымды заңды тұлғаларды сатып алуға байланысты қоғамдық резонанс тудырған жағдайға тоқталды.
— Жылқыларды заңды сатып алу туралы мәселе туындады. Техникалық сипаттамалар бойынша асылтұқымды жануарлар болуы керек еді. Тексеру кезінде осы біліктілік талаптарын растайтын төлқұжат жоқ екендігі анықталды. Сатып алынған тауар техникалық сипаттамалары бойынша сәйкес келмеді, — деп атап өтті Сәкен Қасымов.
Қызметтен босатылды
Департаменттің тағы бір бағыты — лауазымды тұлғаларды қоғамдық тәртіпке шақырып, әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Департамент тарапынан есепті кезеңде 79 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 миллион теңгеге әкімшілік жаза салынды және ол толығымен бюджетке өндірілді.
— Сондай-ақ биылғы аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 135 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның екеуі қызметтік лауазымынан босатылды, — деді департамент басшысы С.Қасымов. Қызметтік лауазымнан босатылғандар — Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы мен Темір аудандық көркемсурет мектебінің есепшісі.
А.БАЛЖАНАЙ.