Ауыл

Бірлік ауылының төрт көшесі жөнделді

Мұғалжар

Құмжарған ауылдық округінің орталығы Бірлік ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылішілік төрт көшеге асфальт төселді.

Бүгінде жол белгілерін қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы округ әкімі Қанағат Қалиев айтты.

— Негізі 5 жоба әзірлегенбіз. Биыл тек үш жоба бойынша қаражат бөлінді. Захаров пен Бірімова көшелеріне жол салу үшін бір жоба дайындалды. Екі көшенің жолын жөндеуге бюджеттен 45 миллион теңге, ал Достық көшесіне тасжол төсеу үшін бюджеттен 72 миллион теңге бөлінді. Бұл екі жоба бойынша құрылыс жұмыстарын «Бақдаулет-N» серіктестігі жүргізді. Аталған көшелерге асфальт толығымен төселді. Бүгінде жол белгілері қойылып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған жолақтар сызылып жатыр. Үшінші жоба — Мамытов көшесін асфальттауға арналды. Жоба құны — 35 миллион теңге. «TaF company» серіктестігі құрылыс жұмыстарын жоспарлаған мерзімде аяқтап отыр, — дейдіокруг әкімі Қанағат Қалиев.

Жандос АЙТЖАНОВ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button