Жаңалықтар

Аудиторлық іс-шаралар: 9 ай қорытындысы

Аудит

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2023 жылдың  9 айының қорытындысы бойынша 161 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 156-сы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 5-еуі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.

Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 21956,9 миллион теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 21814,5 миллион теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 2467,5 миллион теңгені және рәсімдік  бұзушылықтар 19347,0 миллион теңгені құрады.

Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 2467,5 миллион теңге қаржылық бұзушылықтардан 2466,5 миллион теңге (99,9%) өтелді және қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 130,5 миллион теңге болса, бюджетке 129,5 миллион теңге (99,2%) өтелді және жалпы сомасы 2337,0 миллион теңгеге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету  арқылы қалпына   келтірілді.

2023 жылдың 9 айында камералдық бақылаумен 463467,5 миллион теңгенің 16274 лоты мен жоспар тармақтары (қамту 98,5%  құрайды) қамтылды, 2848 лот бойынша 43622,7 миллион теңгеге бұзушылықтар  аңықталды.

Департамент тарапынан есепті кезеңде 79 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19,0 миллион теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және ол толығымен  бюджетке өндірілді.

Сондай-ақ  ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 135 лауазымды  тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға  атқаратын лауазымынан босатылды.

 Гүлмира ҚҰЛҚАЕВА,

ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button