Жаңалықтар

Жауапсыздық жақсылық әкелмейді

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен түскен хат негізінде Жайсаң көпсалалы колледжінің ҚР-ның заңнамасына сәйкестігіне аудиторлық тексеру жүргізді.

Бюджет қаражатын пайдаланудың негізділігіне аудиторлық тексеру жүргізу барысында бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 97-бабы 6-тармағының талаптары бұзылып жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес, тауарлардың берілуін растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеуіне байланысты «Нұроптторг» ЖШС-не 7 045,9 мың теңге, «Ыссык и К» ЖШС-не 92,6 мың теңге, «Тыныштыкова» ЖК-не 52,9 мың теңге, «Мәртөк сүт» ЖШС-не 17,5 мың теңге, барлығы 7 208,9 мың теңге артық аударылғаны анықталды.

Департамент анықтаған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау, 7 208,9 мың теңгені бюджетке қайтару туралы нұсқама жіберілді. Алайда, Жайсаң көпсалалы колледжінен биылғы жоспарлы қаржыны азайту жолымен 7 208,9 мың теңгенің қайтатолтырылғаны туралы жауап алынды.

Аталған қаржының бюджетке өндірілмеуіне байланысты аудит материалдары анықталған заң бұзушылықтар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Нұсқаманы тиісті түрде орындамағаны үшін  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабына сәйкес  лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Қ.ҚОЙШЫБАЕВА,

департаменттің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button