Жаңалықтар

«Ахтанов алаңында» кездескенше…

Тахауи Ахтанов — 100

24-28 қыркүйек аралығында Ақтөбеде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Ахтанов алаңы» театр форумы өтеді.

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ұйымдастыруымен

өткелі отырған шараның мақсаты — театр саласындағы жас мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру, театр сахнасының заманауи жетістіктерін қолдану арқылы тәжірибе жинақтау.

Форумға қатысуға республика бойынша 100-ден астам өтініш келіп түскен. Талапқа сай келген 60 қатысушыға шақырту жіберілді. Форум аясында халықаралық деңгейдегі кәсіпқой мамандар — Әлібек Өмірбекұлы, Гүлназ Балпейісова, Анна Цой, Арсений Макаров,  Лилия Хисматуллина, Аягүл Шалғымбаевалар6 бағыт бойынша шеберлік сағатын өткізеді.

Шараның салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің театр өнер басқармасының басшысы Алтынгүл Нұрбекованың қатысуы күтіліп отыр.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button