Жаңалықтар

Инспектор үш төсбелгімен марапатталды

Бәрекелді

Ақтөбе қаласындағы №2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы  Дастан Сұлтанғалиев«Ел жанашыры»,«Қазақстан патриоты» және «ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.

Полиция майоры Дастан Сұлтанғалиевбірде өртке оранған тоғыз қабатты үйге қойып кетіп, адамдардытілсіз жаудан аман алып шықса, енді бірде  сегізінші қабаттан секіруге әрекеттенген 4 баланың анасын жанкештілікпен құтқарып қалған.

Осыдан үш жыл бұрын учаскелік инспектор отбасындағы жанжалдан кейін баратын жері мен қаражаты болмаған әрі пандемияға байланысты Шымкентке қайта алмаған ана мен баланыекі аптадан аса уақыт баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, кейін олардыжолға шығарып салғанқамқорлығы көпшілікке мәлім. Мұндай жағдайға бір емес, бірнеше рет кезіккен Дастанның бойындағы осындай қайырымдылықты әріптестері жақсы біледі. Биыл қыста немересі үйінен қуып шығып, баратын жері болмаған 80 жастағы кейуананы көпбалалы әке отбасымен өзінің тұрып жатқан бір бөлмелі пәтерінде бірнеше ай паналатқан.

Халықпен жұмыс жасағанқатты ұнайды. Барлық адам бір-біріне көмектессе, батыл әрі мейірімді болса, қиындыққа тап болғандарға қол ұшын созса, әркім өз ісімен сүйсініп айналысса деймін. Өз балаларымды да соған тәрбиелеуге тырысудамын, — деді үздік учаскелік полиция инспекторы, бес баланың әкесі Д.Сұлтанғалиев.

Полицейге лайықты марапаттар Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында табысталды.

А.НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button