Ақтөбе облысында сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақталды

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы орган мен ҚР Энергетика министрлігінің атқарған жұмыстарына сәйкес, Ақтөбе облысына сұйытылған мұнай газының қосымша 2 660 тоннасы бөлінді.
Бұдан басқа Port Impex газ толтыру станциясы жеткізу жоспарынан тыс ТШО зауытынан 1 050 тонна сатып алды.
Қыркүйек айына сұйылтылған газдың жалпы көлемі 14329 тоннаны құрады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта барлық 3 зауыт жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтағанын және бекітілген кестеге сәйкес СМГ-ны жөнелтуді жүргізіп жатыр.
Жағдай қыркүйек айының соңында тұрақталады деп күтілуде.
Өндіруші зауыттардың ақпаратына сәйкес, 18 қыркүйектегі ахуал бойынша қарастырылған 14 329 тоннадан 7 807 тонна (немесе 54%) жөнелтілді, айдың соңына қалған бөлігі 6 522 тоннаны құрайды.
Бұл мәселе – облыс әкімінің тұрақты бақылауында.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.