Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 10 тамызда Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

✅Орталық мемлекеттік органдардың басшылары Ақтөбенің шеткері аударын дамыту, Ақтөбе мен Хромтауда кәріз-тазарту нысандарын салу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау, «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз» тасжолын және өңірлердегі жергілікті жолдарды жөндеу бойыша жобаларды іске асыру туралы баяндады.
✅Сонымен қатар Ақтөбе мен Қарғалы су қоймаларын күрделі жөндеу жобалары, алты жаңа ірі су қоймасын салу жоспары, сондай-ақ «Бұхара – Орал» магистральдық газ құбырынан Ақтөбеге дейін 3-ші желіні салуды жалғастыру және 30 ауылдық елді мекенді газдандыру туралы баяндамалар ұсынылды.
✅Оған қоса Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасын салу, Ақтөбе облысының «Фельдшерлік рюкзак» жобасы бойынша тәжірибесін басқа өңірлерге тарату, «Alaqan mektep» қауіпсіздік жүйесінің пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
📱 https://t.me/KZgovernment