Жаңалықтар

Тұрғындармен бірге сенбілікке қатысты

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет Дүниежүзілік тазалық күнінде қала тұрғындарымен бірге сенбілікке қатысты.

Шаһар басшысы сенбілікке қатысқан көп қабатты үйлердің тұрғындарына алғысын жеткізіп, көпшілікті өз аумақтарын таза ұстауға шақырды.

— Қаламызда 1800-ден астам көп қабатты үй болса, олардың 800-ден астамында аула бар. Бүгін осы үйлердің тұрғындарының көпшілігі сенбілікке шықты. Сенбіліктер алдағы қазан айында да жалғасады. Қала бәрімізге ортақ екенін ұғынып, тазалық шараларына белсене қатысып жатқан тұрғындарға алғысымды білдіремін. Осылай бәріміз бір адамдай жұмылсақ, жастарға үлгі көрсетеміз, тазалық мәдениетін қалыптастырамыз, — деді Азамат Бекет.

Қала әкімі бұдан соң футбол алаңын салып беруді сұраған балалармен бірге Абай даңғылындағы №5,7 үйлердің ауласына барды. Бұл аулалардың аумағы тар болғандықтан стандартқа сәйкес келетін футбол алаңын орнату мүмкін емес.

Футболға құштар балалар: «Абай даңғылындағы бірінші үйдің ауласында кішкентай балаларға арналған ойын алаңы салынып жатыр. Ал бізге футбол ойнайтын алаң керек», — деді. Қала әкімі жас буынның өтініші орындалатынын жеткізіп, жауапты тұлғаларға тапсырма берді.

Айта кету керек, жуырда шаһар басшысы қаладағы барлық кәсіпкерлік нысандары мен құрылыс компанияларының, ПИК-тердің өкілдерін жинап, оларға өз аумақтарына тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырған. Алдағы уақытта қала әкімдігінде құрылған жұмыс тобы бұл нысандардың тазалығын тексермек.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button