Жаңалықтар

Жастар «Kieli tabigat» акциясына үлес қосты

Өткен сенбі күні бір топ жас «Kieli tabigat» республикалық акциясы аясында Түйетөбе мемориалды аумағының маңын тазартты.

Сенбілікке Қазақ-Орыс халықаралық университеті, Ақтөбе жоғары педагогикалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінде оқитын жастар қатысты. Олар аталған жердегі қоқысты жинап, ескерткіштің қасбетін жуып-шайды.

— Киелі жерлерді тазалау,қалпына келтіру және экологиялық мәдениетті арттыруға ерікті жастар әрдайым белсенді араласады. Бұл жолы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Kieli tabigat» республикалық акциясы аясында қала сыртындағы Түйетөбе аумағына жиналдық. Ол жақта ірі қоқыс қалдықтары жоқ екен, тек ұсақ қалдықтар. Көпшілігі желмен ұшып келген. Соның өзінде волонтерлер 20-дан астам қапшық қоқыс шығарды, — дейді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Айдарбек Самат.

Барлығы 30-дан астам жас қатысқан акция алдағы уақытта басқа да аумақтарда жалғаспақ.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button