Жолды жөндеу, суды үнемдеу керек

Жиын
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында жолдарды жөндеу және су ресурстарын сақтау бойынша жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Жиынға жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, аудан әкімдері онлайн режімде қосылды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр автомобиль жолдарының қазіргі жағдайы және оларды жөндеуге қатысты атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Биыл барлығы 1062 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарын жөндеу және салу бойынша 216 жоба іске асырылуда, оның ішінде 190 шақырымы — республикалық, 872,8 шақырымы — жергілікті маңызы бар автожолдар. Жыл қорытындысында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 78 пайызға жетеді деп күтілуде. Қазіргі таңда 474,6 шақырым жергілікті маңыздағы жол және көше жол желілері салынды, бұл жалпы жұмыс көлемінің 54,3 пайызына тең.
Оның ішінде Ақтөбе қаласында жалпы ұзындығы 24 шақырым автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 20,2 шақырым жолдың жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы ұзындығы 61,4 шақырым болатын жолдар бойынша 20 жоба 2024-2025 жылдарға ауысады.
Сондай-ақ жиынға қатысқан Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қаладағы аула аумақтарын салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізу туралы айтты. 57-ден астам аула жөнделді, 43 аула жыл соңына дейін жөнделеді деп жоспарлануда. Ақтөбедебарлығы 1800-ден астамкөпқабаттыүйжәне 800-ден астам аула бар.
Мемлекетбасшысының су ресурстарынсақтаутуралытапсырмасыніскеасыружөніндегішаралартуралытабиғиресурстаржәнетабиғаттыпайдаланудыреттеубасқармасыныңбасшысыСәбитДүйсекеновбаяндады.Негізгі шаралардың бірі — суды үнемдеудің озық технологияларын енгізу. Жаңа су қоймаларын да салу қажет.Ақтөбе облысында биыл 6 бөгетке күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жұмыстар 80-90 пайызға орындалды, жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Облыс аумағында жерүсті суларын сақтау үшін жалпы су көлемі 619,46 млн текше метр және суару алаңы 65 173 га болатын 26 су қоймасын салу жоспарда бар.
Барлық қабылданған шаралар су ресурстарын сақтау, өзендер мен су қоймаларының жағдайын жақсарту, сондай-ақ өңірде сумен жабдықтау мен суаруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту, су ресурстарын сақтау және өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Өңір басшысы барлық іске асырылып жатқан жобаларды уақтылы әрі сапалы аяқтау қажеттігін ерекше атап өтті.
М.САТАЕВА.