Жаңалықтар

Газ тасымалдау шаруашылығына арналды

Көрме

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстың газ тасымалдау шаруашылығының қалыптасуы мен дамуына арналған «Ақтөбе облысындағы табиғи газ тасымалдау инфрақұрылымының дамуы: кеше және бүгін» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналды.

Ел тарихында желілік газ құбырлары жүйесі — Орталық Азия мен Ресей Федерациясының көгілдір отынын тасымалдауға арналған бұрынғы Бүкілодақтық газ тасымалдау жүйесінің бір бөлігі ретінде қалыптасқан сала.

Шарада газ құбырлары саласының құрметті ардагері Бағдат Алдабергенов, Ақтөбе желілік газ құбырлары басқармасының директоры Ділдабай Тайшымов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов өлкеміздегі табиғи газ тасымалдау саласының өткені мен бүгіні жайында айтып, көрмені ұйымдастырған музей ұжымына алғыстарын білдірді. Музей директорының орынбасары Медет Құлмұқанов осы саланың мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Көрме экспозициясына өңіріміздегі газ желілерінің орналасу сызбалары, газ құбырларының үлгілері, анықтау-іздестіру құрылғылары мен тарихи суреттер, тағы басқа экспонаттар қойылды.

Бесінші қазанға дейін жалғасатын көрмені тамашалауға шақырамыз.

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button