Жаңалықтар
«Ақтөбе» ФК-ның жас жанкүйері Дамир Мақсат та бүгінгі жаттығуға шақырылған

Ол румындық «Сепсиге» қарсы ойында жергілікті команданың жеңілісіне жанашырлық танытып, көзіне жас алған еді. Бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қолдау тапты.
Дамирдің «Ақтөбеге» деген адалдығын ескерген облыс басшысы Асхат Шахаров оған команда ойыншыларының қолдары қойылған клуб жейдесін, футбол добы мен «Ақтөбенің» мойыншалғысын сыйға тартты.

Бүгінгі жаттығуға әкесімен бірге келген Дамир — қаламыздағы Хиуаз Доспанова атындағы №14 орта мектептің 3-сынып оқушысы. Футболды жақсы көріп қана қоймай, спорттың осы түрімен айналысады. Ол – «Жастар» футбол мектебінің тәрбиеленушісі.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.



