Жаңалықтар

Асхат Шахаров «Ақтөбе» футбол клубының жаттығуына барды

Асхат Шахаров «Ақтөбе» футбол клубының жаттығуына барды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары және жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Ертең Орталық стадион алаңында Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясында ақ-қызылдар «Ордабасы» командасын қабылдайды.

Облыс басшысы футболшыларға маңызды ойында сәттілік тіледі. Стадионға оралатын «13 сектор» мен жанкүйерлер қауымына жеңіс сыйлауға ұмтылу қажеттігін айтты.

💬 «Алда жауапты матчтар, ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз тиісінше дұрыс болуы тиіс. Тек сәттілік тілеймін. «Ақтөбе» әрқашан алда болуы керек», деді Асхат Шахаров.

«Ақ-қызылдардың» капитаны Дмитрий Шомко жаңа басшылыққа алғысын білдіріп, команданың мақсаты айқын екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта «Ақтөбе» командасы 41 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында, ал «Ордабасы» 49 ұпаймен көш бастап тұр.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button