Жаңалықтар

Адал азамат — әділетті елдің кепілі

С.Бәйішев университетінде Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.

Шараға университеттің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты. Жиналғандарға құқық және жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушылары мен заңгерлері Жолдауда көтерілген негізгі мәселелерді таратып айтып берді.

— 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын университеттің оқытушылық құрамы тікелей эфирден тыңдады. Бүгін бірнеше факультеттің студенттерін жинап, кеңінен талқылау ұйымдастырдық. Бұдан бөлек әрбір куратор өз тобына жеке түсіндіретін болады.

Биылғы Жолдауда Президент еліміздің экономикалық дамуымен қатар, білім саласындағы сапаны көтеруге ерекше тоқталды. Әділетті Қазақстанның Адал азаматтарына жаңа міндеттер жүктеп, нақты тапсырмалар берді. Болашақ маман иелерін дайындап отырған оқу ордасы ретінде  Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалуына біз де өз үлесімізді қосамыз, — деді Бәйішев университетінің проректоры Шыныбек Бұқарбаев.

Бүгінде 3000-нан астам студенті бар университет 38 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Жаңа оқу жылында аталған білім ордасын 1000-ға жуық талапкер таңдаған.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button