Жаңалықтар

Ақтөбеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеуді жолға қою жоспарлануда

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қаладағы қатты тұрмыстық қоқыстар полигонын топырақпен көму жұмыстарының барысымен танысты. 

Өңір басшысы полигонның жануы мен бықсуы – облыс орталығындағы шұғыл шешуді талап ететін ең проблемалық мәселелердің бірі екенін атап өтті.

«Батыс Ақтөбе» мердігерлік ұйымының өкілдері жұмыстардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланғанын айтып, сендірді.

42 гектар аумақты топырақпен көмуден басқа, 160 дана газды бұру құбырын орнату жалғасуда.

Өздеріңіз білетіндей, ескі полигон аумағында ауданы 18 гектарды құрайтын жаңа полигон салынды. Асхат Шахаров енді қоқысты ашық алаңда жинауға жол берілмейтінін қадап айтты. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу қажет. Қысқа мерзімде осы өзекті мәселені шешу үшін Жол картасы әзірленеді.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button