Жаңалықтар

Инспекторлар пойыздарды тексерді

Теміржол

Жыл басынан бері теміржол қозғалысы кезінде  135 заңбұзушылықтіркеліп, 48 жолаушылар вагоны жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы  облыстық көліктік бақылау инспекциясы теміржол вокзалында ұйымдастырған баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Жолға шығатын пойыздардың техникалық жағдайы, қызмет көрсету жүйелері талапқа сай жұмыс істеуге тиіс. Инспекторлардың айтуынша, барлық пойыздар, соның ішінде шетелдік пойыздар да тексеріледі. Жолаушылар тарапынан айтылған сындарға назар аударылады. Ол үшін арнайы WhatsApp желісі мен шағымдарды қабылдау үшін сенім телефоны бар.

Ақтөбе қаласы теміржол вокзалынан тәулігіне 52 пойыз өтеді. Жаз маусымында жолаушылар көбіне ауаны баптау және желдету жүйелерінің жұмысына шағым айтады. Осыған байланысты Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының көліктегі бақылау бөлімі басшысы  Гегмян Нарек былай түсіндіреді:

Вагондардың қолдану мерзімі — 28 жыл. Бірақ вагондарды қалпына келтіру жұмыстарымен бұл мерзімді тағы 16 жылға созуға болады. Сонда вагонның пайдалану мерзімі  — 44 жыл. Бұл уақыттан кейін вагонды пайдалануға болмайды. Ал жаз айларында ауаны баптау және желдету қызметі кей вагондарда жұмыс істемейді. Бұл жерде мынаны ескерген дұрыс: егер вагон зауыттан шыққанда онда бұл жүйе қарастырылса, тұрақты қосылуын талап етеміз. Ал ескі вагондарда ауаны баптау және желдету қондырғысы жоқ. Қазақстан бойынша осындай 500 вагон бар. Сонымен қатар жаз айларында билет тапшылығы болады. Пойыздағы жолаушы вагондарының саны 17-ден аспауға тиіс. Егер одан көп тіркесе, бекеттерге сыймай қалады. Мұндай жағдайда пойыздардың түйісуі орын алуы мүмкін, — дейді Г.Нарек.

Баспасөз мәслихаты барысында №34 Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша ең көп жүретін пойызы тексерілді. Инспекторлар алдымен вагондардың техникалық жағдайын, ажыратқыштар, құрылғылар, электр шамдары орналасқан кондукторларға қызмет көрсететін орындарды қарап шықты.

Инспектор Асхат Іздібаевтың айтуынша, пойыздардың техникалық жағдайын диагностикалау бір ғана бөлікті құрайды.

Егер жолаушы Жолаушыларды тасымалдау қағидалары талаптарының бұзылғанын байқаса, құзырлы органға  жүгінуге құқылы. Өтініш берушілерге дәлел ретінде тасымалдаушының заңбұзушылық фактісін фото, аудио немесе бейнематериал арқылы жазып алу, тасымалдаушының атын, байланыс деректерін нақтылау және билетті сақтау ұсынылады. Өтінішті электронды түрде немесе пошта арқылы беруге болады,— дейді Асхат Іздібаев.

Баспасөз мәслихатында көтерілген тағыбірмаңыздымәселе— жолаушыпойыздарыныңкешігуі. Жөндеужәнежолжұмыстарынжүргізуүшінтехнологиялықтерезелерқарастырылған. Бұлпойыздардыңкешігуінеәсеретеді. Бірақаз уақытқа ғана.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі 2025-2030 жылдар аралығында экологиялық таза дәретхана кешендерімен, еуропалық технологияларды пайдаланатын ауаны баптау және желдету жүйесімен, бейнебақылаумен, USB кабельдерімен жабдықталған 537 жоғары технологиялық автокөлік  жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Биыл жаңа 50  вагон әкелінбек.

Самат ЕСЕНҚҰЛ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button