Жаңалықтар

Жағажай және қауіпсіздік

Брифинг

Биылғы суға түсу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау үшін 400 адам жұмылдырылған. Олардың 205-і — төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, 135-і — полиция қызметкерлері, қалған 60 адам — еріктілер.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында биылғы суға түсу маусымының қорытындылары жария етілді. Жиынға облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Иса Байтұрсынов пен осы басқарманың офицері Әмір Қарағожин қатысты.

Биылғы маусымда облыс бойынша су айдындарының жағасында 67 демалыс орны жұмыс жасаған. Олардың 24-і ғана коммерциялық, ал қалғандары — коммуналдық орындар.

Биылғы жазда облыста 11 адам суға кетіп, ажал құшты. Оның 9-ы — үлкендердің бақылауынсыз қалған балалар. Ал екі ересек адам жүзе білмейтініне қарамастан,рұқсат етілмеген жерге суға түсуге барған.Мамандар осымен қатар 2022 жылғы деректерді де айта кетті. Өткен жылғы суға түсу маусымында 19 адам суға кетіп қайтыс болған екен. Олардың да 9-ы — балалар. Екі жыл ішінде 18 баланың ажалы судан болған.

Маусым кезінде 9,2 мыңнан астам рейд жүргізіліп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға арналған 47, 3 мың жаднама және парақшалар таратылған.

Маусым басынан бері облыста суға батып бара жатқан жерінен 28 адам, оның ішінде 21 бала құтқарылған.Олардың 22-сін — құтқарушылар, ал алтауын тұрғындар құтқарып қалыпты.

Қауіпсіздік ережелерін бұзған 1311 адам әкімшілік жуапкершілікке тартылған, оның 609-ы ескерту алумен құтылса, өзгелері жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button