Жаңалықтар
Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Ануар Болатұлы Асылов Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ол 1992 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі – жоғары: 2014 жылы Малайзия Сеги университетін бітірген.
Еңбек жолын «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында қарапайым маманнан бастап басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
2021 – 2022 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.



