Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы сұйылтылған мұнай газы бойынша ағымдағы ахуал

ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізудің 2023 жылғы 3 тоқсанға арналған жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен Ақтөбе облысына 33 228 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді (шілде  – 10 219 тонна, тамыз – 12 394 тонна, қыркүйек – 10 615 тонна).

ҚР ІІМ Полиция департаментінің деректері бойынша, бүгінгі таңда Ақтөбе облысында газ жабдығымен жабдықталған 52 949 бірлік автокөлік тіркелген. Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін ескере отырып, ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің деректеріне сәйкес өңір аумағына кіретін автокөлік саны айына: мемлекеттік нөмірімен
4 520 бірлікті және шетелдік нөмірімен 9 369 бірлікті құрайды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының ішкі нарығының қажеттілігін жабу үшін бүгінгі күні 16 000 тонна сұйытылған мұнай газы қажет.

Ақтөбе облысының аумағында 7 газ толтыру станциясы (оның 4-і – Ақтөбе қаласында және 3-і – Мұғалжар ауданында), сондай-ақ 181 автогаз құю станциялары (оның 88-і – Ақтөбе қаласында және 93-і – аудандарда) жұмыс жасайды.

Өңір аумағында сұйытылған мұнай газын өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді, атап айтсақ олар – «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Gas Processing Company» ЖШС.

Газ құю станцияларда кезектердің пайда болуы бірнеше факторларға, біріншіден, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол мұнай-газ кешенінің ГӨЗ-2-де жөндеу жұмыстарына байланысты, сұйытылған мұнай газын темір жол көлігімен жөнелту 2023 жылғы тамызда 20% – ға төмендеді.

Сонымен қатар, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-де компрессордың тоқтауына байланысты а.ж. тамыз айында газ өндіру тәулігіне 84 тоннадан 64 тоннаға дейін төмендеді.

Энергетика басқармасы 3 өндіруші зауытта жыл сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстары болатыны туралы хабарлайды.

Қазіргі таңда Шымкент мұнай-газ өңдеу зауытынан Ақтөбе облысына 650 тонна өнім бөлінген, ол ай соңына қарай толықтай жеткізіледі.

Мәселе – облыс басшылығының тұрақты бақылауында.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button