Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті

Кездесуде Мемлекет басшысы бүгін Президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз Вьетнамды Оңтүстік Шығыс Азиядағы ең басты серіктестерінің бірі ретінде қарастырады. Президент Ханойға жасаған сапарының нәтижесін жоғары бағалады.

– Бүгін таңертең Президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүргіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін өте маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Жан-жақты ынтымақтастығымыздың негізгі бағыттары айқындалған Бірлескен коммюнике қабылдадық. Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнамдық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз. Вьетнам – экономикалық өсім тұрғысынан қарқынды дамып келе жатқан ел, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгін қол қойылған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспары сауда, инвестиция, технология, ауыл шаруашылығы, транзит және туризм сияқты маңызды салалар бойынша екі елдің өзара байланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чинь Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өтті.

– Екі тарап қол қойған құжаттар мен келісімдер келешекте ынтымақтастығымызға берік негіз болады. Сізбен Қазақстан мен Вьетнамның саясат, дипломатия, инвестиция және сауда салаларындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытып, тереңдету жолдарын талқылауға мүдделіміз, – деді Фам Минь Чинь.

Akorda.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button