ЖаңалықтарРесмиЭкономика

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық жиында кәсіпкерлік басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Өңір басшысының өкімімен бұл лауазымға Жангелді Әубәкіров тағайындалды.

Әубәкіров Жангелді Елеусізұлы Ақтөбе облысының Хромтау ауданында дүниеге келген. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Қазақ гуманитарлық–заң университетінің, «Қайнар» академиясының түлегі.

Еңбек жолында әр жылдары екінші деңгейдегі банктерде және жеке кәсіпкерлік субъектілерінде әртүрлі лауазымдарда болып, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың шілдесінен бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button