Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Облыстық мәслихаттағы AMANAT фракциясы депутаттарының жұмысы тыңдалды

 

AMANAT партиясынан сайланған депутаттар халықты толғандыратын мәселелерді белсенді көтеріп, жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Депутаттардың жыл бойы атқарған жұмыстары туралы облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Күлпаршын Айдарханова партия филиалында өткен брифингте айтып берді.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы облыстық мәслихаттағы AMANAT партиясы депутаттық фракциясының 4 отырысы өткізіліп,  Сайлауалды бағдарламаның Жол картасын орындау барысы және өңір тұрғындарының мәселелері қаралды. Жол картасы аясында жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысан құрылыстары мен жөндеу жұмыстарының орындалуына фракция мүшелері мониторинг жасап, рейдтер жүргізуде. Кейбір құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға 25 партиялық бақылау бекеті қойылған.

Мәселен, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында облыстың үш ауданында дәрігерлік амбулаториялар пайда болды. Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылында 60 орындық мектеп ашылды. Ақтөбеде  мұнай-химия реагенттерін және жылжымалы бұрғылау қондырғыларын шығаратын зауыттар іске қосылды. Бұлардың барлығы аманаттық депутаттардың бақылауымен жүзеге асты.

AMANAT партиясының депутаттары өз қызметін мәслихатта та белсенді жүргізіп келеді. Жаңа шақырылым жұмысының басынан барлығы 3 сессия өткізіліп, онда облыстық бюджетті нақтылау, Ақтөбе қаласының жаңа бас жоспарын келісу, тұрғын үй сертификаттарын алатын тұлғалар санатын кеңейту сияқты маңызды мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, мәслихат депутаттары партияның Сайлауалды бағдарламасының жоспарлы орындалуына ықпал етуде. Мәселен, ағымдағы жылы партияның жол картасын орындауға 147 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 83 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 53 млрд. теңге, ал жеке инвестициялар есебінен 11 млрд. теңге қарастырылды.

Мәслихат депутаттары Ақтөбе қаласының мектептерін, денсаулық сақтау нысандары мен спорт мекемелерін аралап, бақылау жүргізеді.

Сонымен қатар, партия депутаттары халықты толғандыратын мәселелерді белсенді көтеріп келеді. Мәселен фракция мүшелері облыстық бюджетті нақтылау кезінде тұрғындар бірнеше рет көтерген жобаларға қолдау көрсетті. Атап айтқанда магистральдық газ құбырлары өтетін 2 шағын ауылдық елді мекенді газбен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді. Мәселен, Хромтау ауданының Қарлау ауылындағы жеткізуші және орамішілік газ құбырын салуға 219,4 млн. теңге, ал Қобда ауданының Бұлақ ауылына жеткізуші және ауыл ішіндегі газ құбырын тартуға 168,6 млн. теңге бөлінді. Екі жобаны да ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы Фин тұрғын алабының тұрғындары кәріз жүйесінің нашар жұмысына шағымданған болатын. Нәтижесінде кәріз желілерін қайта құру жобасы қолдау тапты (жобаның құны – 307,9 млн.теңге).

Сондай-ақ, «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автотрасса учаскесінде байланыс болмайтын. Өйткені бұл учаске ойпатта орналасқан, қыста қар, көктемде өзен суы басады.  Бұл тұрғындардың қауіпсіздігіне де әсер етті. Осыған байланысты Қобда ауданы Жарсай ауылының аумағынына электрмен жабдықтау желілерін салуға құны 50,3 млн. теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, фракция Ақтөбе қаласындағы Жанқожа батыр көшесі, 7 мекен-жайы бойынша «Динамо» апатты ғимаратының орнына 4 білім беру нысандарына арналған қазандықтар салу, №2 БЖСМ үшін спорт залын салу жобаларын қолдады.

Фракция мүшелері Астана қаласында өткен AMANAT партиясынан мәслихат депутаттарының бірінші форумына қатысып келді. Жиында депутаттар облыстың мәселелерін көтерді, сондай-ақ форум қорытындысы бойынша министрлерге тиісті хаттар жолданды.

М.Бектұрсынова.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button