Жаңалықтар

Алғаны айналып өтеді

Жол

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов республикалық маңызы бар Ақтөбе-Қандыағаш автокөлік жолын қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді.

Жобада жолды төрт жолаққа дейін кеңейту, көпірлер мен өткелдер салу көзделген.

Қазір автокөлік жолының  11-шақырымынан 52-шақырымына дейінгі учаскесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын «Сине Мидас Строй» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде негізгі жұмыстар Алға қаласының айналма жолындағы ұзындығы 16 шақырым учаскеде жүргізілуде. Оның 9 шақырымына қиыршық тас, 3 шақырымына асфальт төселген.

— Айналма жолда көлемі жағынан 7 түрлі көпір салу көзделген. Мұндағы жұмыстарды осы жылдың күзінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жол ашылса транзиттік көліктер бұдан былай Алға қаласына кірмейді, — деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл.

Ақтөбе-Қандыағаш автожолының 52-ден 100-шақырымға дейінгі учаскесін «Ассана ДорСтрой» ЖШС жөндеп жатыр. Жөндеу жұмыстарына барлығы 600-ден астам адам және 300-ге жуық техника жұмылдырылған.

Екі учаскедегі жұмыстардың сапасы мен қарқыны облыс басшылығының қатаң бақылауында.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button