Жаңалықтар

«Айналайын» лагері ашылды

Лагерь

Ақтөбе қаласында Есет батыр тұрғын үй алабындағы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектептің жанынан «Айналайын» сауықтыру-лингвистикалық лагері 5 маусымнан жұмысын бастады.

Қазіргі таңда 2 отрядта 6-12 жас аралығында 200-ге жуық бала бар. Лагерь демалушылары күніне 4 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Балалар таңертең 8-ден бастап кешкі 6-ға дейін мектептегі лагерьге келіп, әр күнін қызықты өткізбек.

Демалыс барысында  қаладағы ойын-сауық алаңдарына, бассейндерге, саябақтар мен тарихи жерлерге экскурсия жасаймыз. Табиғат аясына саяхаттаймыз. Балалар демалып қана қоймай, концерттерге  тегін кіре алады.  Мектеп ішінде тәрбиешілер түрлі тренингтер өткізіп, эстафеталық жарыстар ұйымдастырады. Күн сайын ата-аналармен байланыста боламыз. Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда.  Сол үшін лагерь жұмысы басталмастан бұрын тәрбиешілерге арнайы семинарлар өткіздік,  — дейді лагерь басшысы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аркен Мұхамбетәзиев.

Айта кетсек, лагерь 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Биыл 150  көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары бюджет есебінен тегін демалады.

 С.ЖҰБАНҒАЗИН. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button