Жаңалықтар

Құлаққаптың зияны

Кеңес

Бүгінде құлаққап күнделікті тұтынатын заттарымыздың бір бөлшегіне айналды. Жасымыз да, кәріміз де оған әбден үйреніп алдық. Музыка тыңдағанда, шетел тілін үйренгенде өте ыңғайлы екеніне сөз жоқ. Алайда оның қауіпті әрі зиянды жағы барын да ұмытпаған жөн. Қауіпті дейтініміз, осының кесірінен жол көлік апатына жол беруіңіз әбден мүмкін. Көшеде немесе көліктің рөлінде келе жатып, құлаққап тағу өте қауіпті. Құлаққапты үнемі тағып жүруқұлақтың есту қабілетін төмендетіп, қан қысымын көтеріп, бас ауруына шалдықтырады.

Құлаққапты ұзақ уақыт таққан адам байқампаздық қабілетін жоғалтып, ашушаң, күйгелек жанға айналады екен.

Жапонияда құлаққаптың «тамшы» деп аталатын түрін шығаруға тыйым салынған.

Мұндай құлаққап құлақтың ішкі органдарына кері әсерін тигізіп, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Сондықтан мамандар құлақты тұтас жауып тұратын түрін алуға кеңес береді.

Тағы бір айта кететіні, құлаққаппен музыканы белгілі бір уақытта  ғана тыңдаған дұрыс. Үнемі құлақты жауып алу — ырымға жаман, бұл ешкімді «тыңдағым, естігім келмейді» дегенді, яғни саңырау болғанды қалауды білдіреді. Психологиялық тұрғыда оқшаулану, қоғамнан алыстауды білдіреді. Мұндай адамда жасырын депрессия болуы ықтимал. Сондықтан неліктен қоғамнан оқшауланғыңыз келетінін бір сәт ойлап көріңіз.

Құлағыңызды жауып жүріп, жақсылықтан да құр қалуыңыз әбден мүмкін.

Десе де, денсаулық бәрінен қымбат екенін ешқашан естен шығармаңыз!

Нұргүл НАҒЫМЕТОВА,

№65 мектептің информатика пәні мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button