Жаңалықтар

Aқтөбедегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өртеніп жатқан қоқыстарды сөндіру жұмыстары аяқталуда

Aқтөбедегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өртеніп жатқан қоқыстарды сөндіру жұмыстары аяқталуда

Үстіміздегі жылдың 2 маусымда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының 1500 шаршы метр аумағында қоқыстардың жануы орын алып, қазіргі таңда өрт дереу оқшауланып, сөндірілді.
Өрттің салдарын жою мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданды, дегенмен қоқыстың астыңғы бөлігінде тұтану деректері бар.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмысшылар мен мамандандырылған техниканың санын екі есеге арттырып, қоқыс полигонындағы қалдықтардың жануын тоқтауды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Екі күн ішінде полигонға 17 мың тоннадан астам топырақ төселіп, қоқыстардың бетін жабу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Бұл шараларға 30-дан астам адам және 26 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Қоқыс полигонындағы қалдықтардың жануын сөндіру 7 маусымда толықтай аяқталады.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button