Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 40-тан астам өңір  тұрғындарының  түйткүлді мәселелер бойынша өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Қабылдауға келген ақтөбеліктерді негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскелерін бөлу, сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғын үй алаптарын инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері толғандырады.

Сонымен қатар, бірқатар тұрғындар әлеуметтік қызметтер, сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге байланысты мәселелерді көтерді.

Ералы Тоғжанов барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап беріп, толығырақ зерделеуді қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауына алды.

Тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына заң аясында азаматтардың мәселелерін шешуге ықпал ету жөнінде  тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button