Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов: Құрылыс саласының дамуын тежейтін барлық жүйелі мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі

Кездесуге құрылыс компаниялары, жобалау ұйымдарының басшылары, құрылыс материалдарын өндірушілер қатысты.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекет пен бизнес – сенімді серіктестер. Шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады» деп атап өтті. Шағын және орта бизнес саласы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін негізгі құралдардың бірі.
2022 жылы ақтөбелік кәсіпкерлердің 4,5 мыңнан астам жобасына қолдау көрсетілді, осы көрсеткіш бойынша біз өңірлер бөлінісінде көшбасшы болып отырмыз. 3000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды, 8000-ға жуық жұмыс орны сақталды, шығарылатын өнім көлемі 478,9 млрд.теңгені құрады.
Облыста жұмысы қарқынды шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 87,8 мың бірлікке жетті, оның ішінде 3 830-ы – құрылыс саласында. Бүгінгі кездесу осы саланың дамуына кедергі келтіретін барлық мәселелерді шұғыл шешу үшін ұйымдастырылды», – деп атап өтті өңір басшысы.

Кездесу барысында құрылыс компаниялары алдында тұрған жүйелі проблемалар көтерілді. Олардың қатарында «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС және «Энергосистема» ЖШС
салып жатқан нысандарға жер учаскелерін, техникалық шарттарды алу кезіндегі қиындықтар, салынған жаңа көппәтерлі тұрғын үйлерге  баратын жолдардың болмауы, құрылыс объектілерін салу кезінде егжей-тегжейлі жоспардың сақталмауы секілді сұрақтар бар.

Батыс-3 ауданында көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асыратын кәсіпкерлер инженерлік-коммуникациялық желілердің жоқтығына байланысты проблемаларға тап болуда.

Құрылыс компаниялары қала құрылысы кеңесінің жұмысын қайта жандандыру туралы бастама көтерді. Олардың пікірінше, кеңес қала құрылысы саясатын іске асыру кезінде шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттырып, шаһардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, ЖЖЕ бұзу мәселесін, үлестік құрылыс мәселесін шешеді.

«Құрылыс саласы – аймақ үшін маңызды салалардың бірі. Біз бүгін талқылаған барлық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет. Барлық мәселелерді кезең-кезеңімен шешеміз», – деп өңір басшысы салалық басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button