Жаңалықтар

Түркияның «Turkish Airlines» әуе компаниясы Ақтөбеге жаңа рейстер ашты

Бүгін, Түркияның ірі әуе тасымалдаушы компанияларының бірі «Turkish Airlines» Анталья – Ақтөбе – Анталья бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Танымал Жерорта теңізі курортына демалуға 160 жолаушы сапарға шықты.

Рейстер Boeing әуе кемесімен аптасына екі рет орындалады.

Айта кетейік, биылғы жылы  Ақтөбе мен Анталья арасындағы рейстер саны ұлғайды. Аптасына 9 рет орындалатын рейстерге SCAT, FlyArystan және Turkish Airlines әуе компаниялары жауапты.

Сонымен қатар, Ақтөбеден Стамбул, Баку, Мәскеу, Пхукет, Шарм-эль-Шейхке халықаралық рейстері бар.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button