Жаңалықтар

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға мыңнан астам ауыл тұрғыны өтінім берді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға мемлекеттік органдар, «Ақтөбе» ӘКК мүшелері, бейнеконференц-байланыс арқылы  аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Облыста «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға барлығы 1066 адам өтінім беріп, оның ішінде 738 өтінім мақұлданған.

Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарын жобаға тарту жұмыстарын күшейту қажеттігін алға тартты.

💬 «Ауылдардағы әрбір жұмыссыз және АӘК алушымен жеке-жеке жұмыс істеп, үгіт-насихат жүргізу қажет. Жоба туралы ақпаратты әр отбасы білуі тиіс», деді өңір басшысы.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі «Ауыл аманаты» жобасын тиімді іске асыру, барлық кедергілерді жою жөніндегі іс-қимылдарды жандандыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, жобаны іске асырудың қарқыны төмен ауылдардағы жағдайды жан-жақты зерделеу тапсырылды.

Жиын барысында бірқатар табысты іске асырылған жобалар да көрсетілді. Облыс тұрғындары құс шаруашылығын белсенді дамытып, омарталар жабдықтау, жылыжайлар салу, наубайханалар ашу секілді жобаларға қызығушылық танытуда. Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде «Ауыл аманатына» қатысушылардың оң тәжірибесін жариялап, үгіт-насихат жұмысын күшейтуді тапсырды.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button