Жаңалықтар

Жас таланттар танылды

Дельфий ойындары

Ақтөбе қаласындаеліміздегі XIV Ұлттық Дельфий ойындарының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

Ақтөбе облысынан ғана емес, көрші өңірлерден келіп қатысқан барлығы 120-дан астам қатысушы байқау бағдарламасына сәйкес бір күн бойы түрлі номинация бойынша бағын сынап, өнерін көрсетті.

Дельфий ойындарының мақсаты —  ұлттық мұраны сақтау, жас таланттарды іздеу және қолдау.

Дельфий ойындарының осы маусымдағыбасты ерекшелігі — биыл 5-9 жастағы балаларға арналған фестиваль бағдарламасын іске қостық. Бұл балалар резерв құрамына енгізіліп, комитеттің бақылауында болады, яғни Дельфий ойындарына және біздің басқа да жобаларымызға қатысады. Іріктеу кезеңдері жыл сайын өткізіледі, сұраныс та жоғары. Өнерлі, шығармашыл балалардың жыл санап көбейіп жатқаны көңіл қуантады, — дейді Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова.

Ақтөбедегі ойындар ашық форматта өткізілді. Оған 10-15 және 16-25 жас аралығындағылар қатысты. Іріктеу кезеңіне қатысушылар академиялық ән айту, домбыра, қобыз, баян, халық әні, эстрадалық ән, театр өнері, көркемсөз оқу, халық биі, заманауи би, ым-ишара тілінде ән айту және есту қабілеті бұзылған таланттарға арналған хореографиялық өнер секілді 12 номинация бойынша бағын сынады.

Өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары автоматты түрде Қазақстанның XIV Ұлттық Дельфий ойындарының қатысушысы атанып, республикалық кезеңде облыс атынан өнер көрсетпек.

— Атырау қаласынан келдім. Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебіне үш жылдан бері барып жүрмін. Біздің мектептен домбыра мен баян номинациясы бойынша өнер көрсетуге төрт бала боп келдік. Мен домбырамен екі күй тарттым. Атым аталғанға дейін бірінші орын алатынымды білмедім, өте қуаныштымын. Енді Астанаға баратын уақытты күн санап күтетін боламын. Осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,  — дейді домбыра номинациясы бойынша бірінші орынға ие болған Әмір Қапсихов.

Марапаттау рәсімінде іріктеу кезеңінде топжарған өнерлі 10 өренгеғана күзде Астана қаласында өтетін XIV Ұлттық Дельфий ойындарының республикалық кезеңіне қатысуға жолдама берілді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button