Жаңалықтар

Көлігіңізді тіркедіңіз бе?

Брифинг

Елімізде шетелден қосалқы бөлшек түрінде әкелінген көліктерді мемлекеттік тіркеуге алу басталды. Заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сала мамандары айтты.

Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Еgov порталы және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.Әуелі электронды мақұлдау қағазына барлық деректеріңіз енгізіледі. Одан кейін сарапшы-криминалистерден тексеру актісін аласыз. Яғни бұл тексеруде көліктің ұрланбағаны, іздеуде тұрмағаны анықталады. Сосын құрастырылған көліктің техникалықбайқаудан өткендігі туралыдиагностикалықкартасыболуышарт. Содан кейін Армения, Грузиядан әкелінген көліктерді тіркегендей, құжаттарыңызды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырасыз да, тіркеу нөмірі мен техникалық паспорт аласыз. Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөлікті тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салынатыны және тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат берілетіні туралы жазба көрсетіледі,дейді облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Еркін Өтеген.

Бүгінге дейін 12 мыңнан астам ақтөбелік шетелден әкелінген көліктерін заңдастырып, техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірлі белгілер алып үлгерген.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button